Жоба туралы
Кез келген құрылғы
Интернетке қосылған смартфон немесе компьютер арқылы қалаған жерден қатыса аласыз
Ыңғайлы уақыт
Өзіңізге қолайлы уақытта 30–50 минут бөлу жеткілікті
Баршаға ортақ жоба
Жобаға кез келген жастағы азамат қатыса алады
Тегін
Сіз тек уақыт бөлесіз, ал қатысу толығымен тегін
Алғыс хат
Қатысқаныңызды растайтын арнайы алғыс хат беріледі
Құпиялық
Диктант нәтижесі еш жерде жарияланбайды, тек өзіңізге ғана көрінеді
Қатемен жұмыс
Қателеріңізді бірден көріп, сауаттылық деңгейін арттыра аласыз
Қосымша материалдар
Диктант мәтініне талдау жасалған видеосабақ пен оқу құралдары ұсынылады
Диктантқа не үшін қатысу керек?
Сауатты жазу мәдениеті
Қазақ тілінде дұрыс, сауатты жазуға дағдыланасыз. Орфографиялық, пунктуациялық және грамматикалық білімді дамытасыз.
Мемлекеттік тілді дәріптеу
Қазақ тілін дамытуға өз үлесіңізді қосасыз.
Тілдік сенімділік
Қателесуден қорықпай, ойыңызды еркін жеткізуді үйренесіз.
Цифрлық дәуірге бейімделу
Жобаға онлайн форматта қатысып, жаңа тәжірибе жинайсыз.
Ұйымдастырушы
Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» – тіл жанашырларының басын біріктіруші ең үлкен алаң.
Қазақ тілі – ел бірлігінің, болмысының және болашағының негізі.
Біздің миссиямыз – оны ұлттық деңгейде дамытып, халықаралық деңгейде мойындату, жастарға заманауи, тартымды етіп ұсыну, ғылым мен технология тіліне айналдыру, сондай-ақ мемлекеттік мәртебесін толыққанды іске асыруға ықпал ету.
Жиі қойылатын сұрақтар
Диктант қанша уақытқа созылады?
Диктант жазу уақыты – 40 минут.
Диктант жазу үшін не қажет?
Тұрақты интернет пен дыбыс құрылғысы (наушник) керек. Қазақша пернетақта жоқ болса, жүктеп алуды ұмытпаңыз.
Диктантты қалай және кім тексереді?
Диктант жазу аяқталған соң бірден нәтижесімен таныса аласыз.
Диктант нәтижесін қайдан көруге болады?
Диктант нәтижелері еш жерде жарияланбайды.
Диктант қандай тақырыпта болады?
Диктант мәтіндері қазақ әдебиетінің классиктерінің шығармаларынан алынған үзінділерге негізделеді.
Диктантқа қандай дайындық керек?
Қазақ әдебиетін оқып, грамматика ережелерін бір қайталап шығуға кеңес береміз.
Диктантқа қандай баға қойылады?
Диктант әр қатысушының ерікті түрде өз азаматтық ұстанымын көрсететін шара болғандықтан ешкімге баға қойылмайды.
Ұлттық диктант ақылы ма?
Жоқ. Ұлттық диктант толықтай тегін негізде өтеді.